Станса қызметкерлерінің ақпараты бойынша, оқиға Шүлбі поселкесінде сағат 19 орын алды. «Семейдің бес тұрғыны УАЗ көлігімен Шүлбі су қоймасына балық аулауға барып, мұздың үстімен екінші жағаға жетпекші болған. Алайда, көлік мұздың астына кетіп, екі адам батып, үшеуі аман қалды «, — деп түсіндірді суңгуірлер.
«Оқиға болған жерде бес құрқарушы жұмыс істеуде. Судың астына батып кеткендердің денесі әлі табылмады», — деп хабарлады қалалық су-құтқару стансасының қызметкерлері.
Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, биылғы жылы облыста осыған ұқсас үш оқиға тіркелді. Бұның алдындағы оқиға Зайсан көлінде болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті