Семейде "Фасад" атты қалалық бағдарлама дайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде "Фасад" атты қалалық бағдарлама дайындалды

Семейде "Фасад" атты қалалық бағдарлама дайындалды

Семей. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде "Фасад" қалалық бағдарлама дайындалды. Бұл туралы Семей әкімінің орынбасары Серікқазы Оразалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Наурыз 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Қаладағы ғимараттардың өң бетінің басым бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Осыған орай қала басшылығы арнайы бағдарламаны дайындап, оның аясында барлық ғимараттардың өң беті жөнделетін болады», — деп түсіндірді С. Оразалиев.

Оның сөздері бойынша жағдайы нашар учаскелерді анықтау үшін Семей әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топ бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалайтын болады.

«Бірінші кезекте Шәкәрім, Әуезов, Абай сияқты орталық көшелер қолға алынады. Алда істелетін жұмыс өте көп», — деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Ол атап өткеніндей, 2008 жылы Семейді көріктендіруге бюджеттен 25 млн теңге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда еке есеге артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті