Семейде героин сатқан 8 сыныптың оқушысы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде героин сатқан 8 сыныптың оқушысы ұсталды

Семейде героин сатқан 8 сыныптың оқушысы ұсталды

Семей. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде героин сатқан 8 сыныптың оқушысы ұсталды. Бұл туралы бүгін Семейдің ІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімінің шұғыл уәкілі Ермек Тәниев хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 436
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараты бойынша, №15 орта мектептің 13 жасар қыз оқушысы героинді мектепте сатқан. «Клиенттер оған бірінші сабақтың алдында келіп, ақшасын беріп, есірткіні оқушының салып берген сөмкесінде алып кетіп жүрген», — деді Е. Тәниев. Бұл туралы полиция қызметкерлері өздерінің ақпарат көздері арқылы біліп, кезекті сауда кезінде жасөспірімде қолға түсірді.

Тергеу кезінде анықталғанындай қыз баланы есірткі саудасына шешесі тартқан. «Бұл әйел бірнеше жылдан бері сыған есірткі баронымен бірге жұмыс істеген. Ол барон биыл құрықталды. Соған қарамастан, әйел есірткі тауарын кімнен қалай алатынын білгеннен кейін, сауда-саттықты өзі жалғастырған», — деді Е.Тәниев.

«Барлық есірткі нүктелерін полиция қызметкерлері қадағалайтынын білген әйел, өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын саудаға тартқан. Өйткені, ол оқушы болғандықтан одан ешкім күдіктенбейді деп шешкен, ал барлық сауда мектептің ішінде жасалып келген», — деді полиция қызметкері.

Е.Тәниев хабарлағанындай, бүгінде оқушы қыздың шешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259-ші бабының 4-ші тармағы (аса ірі көлемде есірткі сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Онда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Күдікті әйелдің қызы кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және реабилитациялау орталығына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті