Олар қарындастарының күйеуін өлтірген кісілерді тергеу амалдары біткенін күтпей, жазаламақ болған. Қос күдіктіні ауыр соққының астына алады. Қоқан-лоққыға шыдамаған олар қылмыстарын мойындап, мәйіттің қайда көмілгенін де көрсеткен екен. Артынша алған жарақаттан бір күдікті көз жұмған. Кек алғыштардың ісін жарты жыл қараған сот біреуін 7, екіншісі 1 жарым жылға соттады. Үкіммен енді өлген жігіттің туыстары келіспей отыр.
Гүлнар Тоқсейітова, жәбірленуші:
— Ол түк емес. Тауық өлтірсе де ондай жыл бермейді. Баламды қинап өлтірді, ойына келгенін істеген.