Семейде күмәнді препараттың жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде күмәнді  препараттың жолы кесілді

Семейде күмәнді препараттың жолы кесілді

Семейде контрабандалық жолмен қап-қап дәрі-дәрмек тасығандар қолға түсті. Қай елде шыққаны белгісіз препараттарды олар Ресейден Өзбекстанға жеткізбек болған. Бірақ, Қазақстаннан аса алмай, қолға түсті. 

  • 15 Мамыр 2014
  • 186
Фото - Caravan.kz


50-ден асқан 3 әйел жалпы құны 1 млн теңгеден асатын 68 түрлі дәріні  пойызбен тасыған. 8 қапқа толтырылған контрабандалық заттардың арасында бас ауруына арналған қарапайым таблеткалардан бастап, психотропты дәрілерге  дейін бар. Өзбекстандықтар 2 қапты Алматыда қалдырып, қалғанын еліне апарып сатпақ болған. Қазір контрабандамен ұсталғандар ешқайда кетпейтіні туралы қолхат беріп, тәркіленген заттары сараптамаға жіберілді.