Жарияланды: 400

Семейде мал терісін еш құжатсыз тасыған кәсіпкер полицейлерге қиғылық салды

Семейде ірі қара терісін тиеген жүк көлігі ұсталды. Полицейлер жүргізушіден теріге берілетін мал дәрігерінің анықтамасын талап еткен екен. Бірақ иесі әр теріге анықтама жинап жүретін ақымақ емеспін деп қиғылық салды.

Нұрмұхамед Смайылова, жеке кәсіпкер:

-Мына кісілер айтып жатыр ғой құжаты жоқ деп. Біздің құжатымыз бар. Жеке кәсіпкер болып тіркелгенбіз .Енді, мал дәрігерінің анықтамасы жоқ деп тұр мыналар.

Полицейлер аузы- мұрнынан шыққанша тиелген терінің жағымсыз иісі пен жерге қан тамшылап жатқандықтан жүк көлігін тоқтатыпты. Ал кәсіпкер мұның контрабандаға еш қатысы жоқ деп азар да безер. Айтуынша, әр теріні 5 мыңнан тұрғындар мен жеке қожалықтардан сатып алған. Сондықтан тері әржақтан жиналған соң, әрқайсына анықтама алу мүмкін емес екен. Тек тәртіп сақшылары ол уәже қараған жоқ. Көліктегі тоннна-тонна теріні түгел тәркілеп әкетті.

Қуат Жүнісов, Семей қалалық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Терінің бәрі сібір жарасына қатысты міндетті түрде тексерілу керек .Ал, мына тоқтатқан жүк көлігінде оған қатысты берілген анықта ма жоқ. Сондықтан уақытша сақтау қоймасына жіберіп, ветеринарлық тексеріс жүргіземіз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін