Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жаңа ЖЖКС Астана станциясының үлгісі бойынша салынады. Оның қалада орталық подстанциясы, ал өзеннің оң және сол жақ жағалауында қосымша подстанциялары тұрғызылады.
«ЖЖКС заманға сай диспетчерлік, автоматтандырылған басқару жүйесімен қамсыздандырылып, көлік жуу және гараждармен жабдықталады», — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, «жаңа енгізілетін ЖЖКС жедел жәрдем тобын 30-ға дейін көбейтуге мүмкіндік туғызады. Ал әзірге, жұмыс істеп жатқандардың саны 24. Бұл қала үшін жеткіліксіз» дейді Семей медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Николай Мантлер.
ЖЖКС құрылысы мен жабдықталуына республикалық бюджеттен 1,5 млрд тенге бөлінді. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2010 жылға жоспарланған.
Әкімдіктің деректері бойынша, «қазіргі ЖЖКМ 1959 жылы салынған жатақхана ғимаратында орналасқан».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті