Жарияланды: 470

Семейде мектепте өрт шықты, құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде мектепте өрт шықты, құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Семейдегі №35 орта мектепте 17 қыркүйекте сағат 12.31-де еңбек кабинетінде 10 шаршы метр аумақта еден мен стеллаждардың ағаш конструкциялары өртенді. 315 адам сыртқа шығарылды. Құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 21 адамының көмегімен 13 сағат 01 минутта сөндірілді. Сонымен бірге, Қарағанды қаласының қазыбек би ауданындағы Полетаев көшесінде бес қабатты тұрғын үйде 17 қыркүйекте сағат 21.19-да 550 шаршы метр аумақта үй шатыры өртенді. 73 адам сыртқа шығарылды. Құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 16 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 65 адамының көмегімен 23 сағат 36 минутта сөндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін