Семейде оқушылар алғаш рет пластинканы көріп таңқалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде оқушылар алғаш рет пластинканы көріп таңқалды

Семейде оқушылар алғаш рет пластинканы көріп таңқалды

Семейдің өлкетанушылары өскелең ұрпаққа патефон мен радиолдың не екендігін көрсетті. Өткен ғасырдың ортасынан қалған музыкалық құрылғылар әлі де істен шықпапты.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

Оған арналған винил пластиналары жүз жылдай сақталып келсе де ән анық естіледі. Патефон мен граммофонға арналған осындай мыңнан аса күй табақтар да сол қалпында. Оқушылардың біразы ескі құрылғыларды бірінші рет көріп тұрғанын жасырмады. Өлкетанушылар үйінде тұрған осындай тарихи дүниелерді енді мұражайға тапсыруды жоспарлап жүр.

Валерий Колбин, өлкетанушы:

-Пластиналардың көбі жертөлелерде шаң басып жатқан. Оларды жинастыра отырып, жастық шағымызды бір есімізге алдық. Бұлардың барлығы 20-шы ғасырдың тарихын көрсетеді. Сондықтан оны сақтап қалу маңызды.»