Басқарма ақпаратына сәйкес, кеше 18 сағат шамасында қалалық өртке қарсы күрес қызметінің кезекші бөліміне Восточный ауылындағы жай үйде өрт шыққаны туралы хабар келген.
«Өрт салдарынан 8 сынып оқушысы зардап шегіп, балалар ауруханасына күйікпен жатқызылды. Пәтерде жалпы аумағы үш шаршы метр жерде жиһаз өртенген», — деп хабарлайды басқармадағылар.
Өрт себептері мен кінәлі тұлғалар анықталу үстінде.
Басқарма мәліметінше, жыл басынан бері Семейде 172 өрт шықты, оның 110-ы жай үйлер секторында шыққан. Жалпы сегіз адам қаза тапты, оның біреуі — бала.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті