Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сынып оқушысы бала тапты (нақтыланған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сынып оқушысы бала тапты (нақтыланған нұсқа)

Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сынып оқушысы бала тапты (нақтыланған нұсқа)

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. СЕМЕЙ. Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сыныпта оқитын жасөспірім қыз баласын шала тапты, деп хабарлайды қалалық жедел жәрдем ауруханасынан.

  • 4 Қыркүйек 2007
  • 452
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің айтуынша, 1 қыркүйекте «жедел жәрдем» тобы шақыру бойынша 16 жасар қызға келген. Ол өзінің іші қатты ауырып тұрғанын айтады. Оны қарап шыққан дәрігерлер қыздың 6 айлық аяғы ауыр екенін анықтады. «Оқушы қыз тіпті өзінің екіқабат екенін білмеген. Оның ата-аналары ауылда тұрады, ал өзі қалада туыстарының үйінде сабаққа баратын көрінеді», — дейді дәрігерлер.

Жасөспірім қыз жедел түрде перинаталдық орталыққа жеткізіліп, сол жерде уақыты жетпей босанып, өлі қыз тапты.