«Біз көлік ұрлаумен айналысқан үш жігітті ұстау үшін бір ай бойы жұмыс істедік. Олар қосалқы бөлшектерді ұрлаған, бірақ негізінен көліктердің дөңгелектерін шешіп алумен айналысыпи келген»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
«Олар желтоқсан айында барлығы 20-дан астам ұрлық жасаған. Олар ұрланған заттарды таныстарына немесе базарда сатқан»,- деді полицейлер. Ұсталған азаматтардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, екінші қылмыстық топ 32-ші мектептің маңында ұсталған. «Бұл жерде үш жігіт бір әйелдің қолынан сөмкесін жұлып қашқан. Тергеу барысында осы азаматтар тарапынан жасалған тағы да 5 қылмыс дәлелденген. Олардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 178-бабы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды»,- деп хабарлады полицейлер.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған алты азамат та Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының тұрғындары болып табылады, олардың ешқайсысы да жұмыс істемейді, еш жерде білім алмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті