Семейде қарияның 8 жылқысын ұрлаған екі барымташы қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қарияның 8 жылқысын ұрлаған екі барымташы қолға түсті

Семейде қарияның 8 жылқысын ұрлаған екі барымташы қолға түсті

Семей қаласының полицейлері семейлік қарияның 8 жылқысын ұрлаған екі барымташыны қолға түсірді.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

Ұрланған екі жылқы иесіне қайтарылды, қалғанын қаскөйлер сатып үлгерді.

Ұсталған Қайнар ауылының тұрғындары өрісте жүрген жануарларды байқап, түнде ешкімнің жоқтығын пайдаланып ұрлағанын айтты.

Сезіктілер «Мал ұрлықшылары» жедел алдын алу шарасы барысында қолға түсті. Шараға шамамен 800 полицей тартылды.

2014 жылы алдын алу шараларының арқасында өңірде мал ұрлығы ширек есеге азайғаны байқалды.