Семейде қатты аяз салдарынан екі адам зардап шеккен, олардың біреуі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қатты аяз салдарынан екі адам зардап шеккен, олардың біреуі көз жұмды

Семейде қатты аяз салдарынан екі адам зардап шеккен, олардың біреуі көз жұмды

Семей. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қатты аяз салдарынан екі адам зардап шеккен, олардың біреуі көз жұмды. Бұл туралы сенбі күні "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне жедел медициналық жәрдем станциясынан хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің ақпараттарына сүйенсек, қаланың Әуезов ауданындағы мейрамхананың жанынан бір еркектің денесі табылған. «Ол мейрамханадан мас күйінде шыққан бетте құлап, сол жерде үсіп кеткен болу керек. Қайтыс болған азамат шамамен 35 — 40 жас шамасында»,- деп хабарлады станциядағылар.

«Ақкөл көшесінде тұратын тағы бір еркек екі қолын үсітіп алған. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады дәрігерлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті