Жарияланды: 410

Семейде студенттер алаңдағы шыршаның кесілуіне қарсылық білдірді

Семей студенттері наразылыққа шықты! Олар орталық алаңда жаңа су бұрқағының құрылысына байланысты сол маңдағы шыршалардың оталуына қарсылықтарын білдірмек болған. Алайда оларды жергілікті билік өкілдері тоқтатты. 

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір апта бұрын орталық алаңның қайтадан жөндеуге жабылатынын естіген тұрғындар шу көтерген еді. Ал әкімдіктің жоспарынша, былтыр ғана жөндеуден өткен алаң енді қиратылып, орнына алып субұрқағы бой көтеруі тиіс. Билік өкілдері 30 жыл бойы алаңды көмкере жайқалып тұрған шыршаларды да отауға бел буып отыр. Жаңа су бұрқағы ел тәуелсіздігі мен Семей ядролық полигонының жабылуына 20 жыл толуы құрметіне жасалмақ. Бірақ жасыл-желекті шауып, қала сәулетіне мұндай өзгеріс енгізуге, әсіресе, қала жастары наразы. Әкімдік әрекетіне тосқауыл қою үшін олар шыршаларды қоршап тұрмақшы болды. Алайда студенттерді елеп жатқан ешкім жоқ..

Илья Бороховский, бастамашыл топтың өкілі:

-Экскаватордың жолын бөгемек болдық. Бұлалаңда жөндеу жұмыстарына қарсы наразылық шарасына шығамыз деп тиісті орындарға ескерткенбіз. Бірақ  бізді тыңдап жатқан ешкім жоқ. Полицияның  әкімдік әмірімен жеткені айдан анық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін