Төтенше жағдай комиссиясының кезектен тыс отырысында құзыретті органдарға тиісті тапсырмалар берілді, деп хабарлады қалалық ТЖ басқармасынан.
Еске салсақ, 14 маусымда қала аумағында нөсерлі жауынмен қоса дауылды жел тұрды. Салдарынан 2 электрмен жабдықтау желісі (110 киловольт), 6 қосалқы станса (110 киловольт), 21 желі (6-10 киловольт, 5 қосалқы станса (35 киловольт) өшіп қалды, 87000 абоненттің 57000-ы жарықсыз қалды. 13000 абонентте суық су тоқтатылды.10 көше мен 4 жол өткелін су басты. 28 көп қабатты үйдің шатыры зақымданды, атап айтсақ, 13 білім беру нысаны, 3 қоғамдық ұйым, 12 көп пәтерлі тұрғын үй, сондай-ақ 30 жеке үй құрылыстарының шатыры қирады. Бұдан басқа, №2 перзентхана, «Медбике күтімі аурханасының» шатыры зақымданды.
Шұғыл түрде жергілікті атқарушы органдар мен басқа мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жолдар құлаған ағаштан тазартылды, көлік қозғалысы мен сумен жабдықтау бірнеше сағаттан кейін қалпына келтірілді.
Қазір қала бойынша 183 абонент (басым бөлігі жекеменшік секторда) электр жарығынсыз отыр. Апатты жоюға «ШҚ РЭК» АҚ-ның 5 авариялық бригадасы (55 адам), 18 техникасы тартылды.
Семейде комиссия жұмыс істеуде, жағдай бақылауға алынды, деп хабарлады қалалық ТЖ басқармасынан.