Жарияланды: 580

Семейде тапа-тал түсте банкоматты тонап кетті

Семейде тапа-тал түсте үш адам дәріханада орналасқан банкоматты бұзып, 5 млн теңгені алып қашты.

Ұрылар банкоматты ашуға қажет арнайы газ қондырғысын алып кіріп, дәріхананы ішінен құлыптап алған. Сосын фармацевтті байлап тастап, ақша толы темірді кескілеуге кіріскен. Қарақшылар қара қолғап киіп, жұмыс істепті. Түрлерін жасыратын бетперде кимегендіктен үшеуінің де еуропа нәсілді екенін фармацевт байқап қалған. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ұрыларға іздеу жарияланды. Бір қызығы олар дәріхананың ақшасына тимепті.  

- «Дәріханаға тиіспейміз, ешбір дәрі-дәрмекке де қол тигізбейміз, тек банкоматқа келдік », - деді.   «Айқайлама» деп, терезені жауып тастады, қолымды қайырды. Сосын кетіп бара жатқанда:   «Сигнал беретін  тетікті баспа» деп кетті. Ал біз де  ол да жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін