Жарияланды: 640

Семейде "Темір жолдағы қозғалысты құралдарды жөндеуге арналған құрал-жабдық" тақырыбында республикалық тұңғыш семинар болып өтті

Семейде "Темір жолдағы қозғалысты құралдарды жөндеуге арналған құрал-жабдық" тақырыбында республикалық тұңғыш семинар болып өтті. Оған темір жол көлігі саласындағы жөндеуші мамандар қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Ыбыраев және К" өндірістік кооперативінің бас директоры Ғаббас Ыбыраев хабарлады.

"Ыбыраев және К" өндірістік кооперативі - еліміз бойынша темір жол вагондарын жөндеуге маманданған таңдаулы кәсіпорындардың бірі. Республикалық семинарды осы кооперативтің базасында өткізуге шешім қабылдануының себебі де осыда болса керек. Сөйтіп семинарға темір жол көлігі саласындағы жөндеуші мамандармен қатар Ресейдің машина жасау саласы кәсіпорындарының өкілдері де шақырылды. Жалпы алғанда семинарға 19 кәсіпорынның өкілі қатысты. Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасумен бірге жергілікті вагон жөндеу депосының негізінде тәжірибелік сабақтар өткізді. Ғ.Ыбыраевтың айтуынша, семинардың басты мақсаты, вагондарды сапалы жөндеу арқылы қозғалыс қауіпсіздігіне кепілдік беретін жұмыс әдістерін бірлесіп іздестіру болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть