Семейде түнде көлік апатынан 5 жолаушы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде түнде көлік апатынан 5 жолаушы қаза тапты

Семейде түнде көлік апатынан 5 жолаушы қаза тапты

Семейде түнде «Рено-Сандеро» маркалы көлік   жолдан  төмен түсе бере, аударылып кетіп, алдын ала ақпарат бойынша, апат салдарынан  5 адам қаза тапты. Тағы біреуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

  • 27 Сәуiр 2016
  • 355
Фото - Caravan.kz

«Жүргізуші рульді басқара алмай, жолдан  шығып кеткен, — деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. — Апат кешкі 21 және 22 сағаттар аралығында Гагарин-Шугаев көшелерінің қиылысында орын алған.

Апат фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Сот алды тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.