Семейде тұрғындар айқайға басып құрылысшыларды қуып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұрғындар айқайға басып   құрылысшыларды қуып шықты

Семейде тұрғындар айқайға басып құрылысшыларды қуып шықты

Семейде тұрғындар кафе құрылысына жаппай қарсы шықты. Көпқабатты үйдің іргесіне көңіл көтеру нысаны салынатынын естіген жұрт айқайға басып, тіпті  құрылысшыларды қуып шыққан. Ал қала билігі болса, халықтың ашуынан кейін жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір даулы  іс прокуратурада тергелуде. Тұрғындар өз кезегінде жұмысшылар тағы төбе көрсетсе, жаға жыртысуға дейін баруға бекініп отыр.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz

Көп қабатты үйдің іргесіне кафе салынатынын білген жұрт жағаларын ұстаған. Төменгі қабатта тұратындар жаңа нысан терезені жауып қалып, «қараңғы қапаста қаламыз ба?» деп үрейленуде.

Нұрбике Әкімова, Семей қаласының тұрғыны

-Бір терезе ғана күн көзі кіретін. Оны жапса, біз не боламыз?! Немерем бар 6 айлық. Оны қайда апарамын?

Екі үйдің бұрышындағы бос жер еш кедергісіз сатылыпты. Төбе көрсетпеген кәсіпкер бұл жерден бірнеше қабатты кешен тұрғызбақшы екен. Тіпті, құрылысқа қажетті материалдарды әкеліп, қоршау тұрғызып үлгеріпті. Ашынған жұрт әкімдіктің мұндай жарымжан жобаға қалайша рұқсат бергенін түсінбеуде.

Валентина Бажаева, Семей қаласының тұрғыны:

-Ең бірінші жауап беретін архитектор! Неге рұқсат береді мына құрылысқа?! Екіншіден, қала әкімі деп ойлаймын

Мұндағы тұрғындардың қарқыны қатты. Тіпті, келетін құрылысшыларды таяқтап қууға да дайын отыр.

Мүбәрәк Мұхтарұлы, Семей қаласының тұрғыны:


-Осында күнделікті кезекшілік құрамыз! Келген адамдарды кіргізбейміз! Ертең біреу бір жағдайға ұшыраса, жоғары жақ өздері жауап береді! Біз соны ескертеміз!»

Шенеуніктердің  айтуынша, бұл жер 8 жыл бұрын сатылып кеткен. Барлық тиісті құжаттары да қолдарында екен. Бірақ, жобаның қалайша он  қабатты үйге іргелес болып шыққанына жауап бере алмай жаман састы.

Тілек Төлендинов, Семей қаласы әкімдігінің сәулет бөлімі басшысының орынбасары:

 -Бүгін жұмыс істеп жатқаннан кейін бағана түс кезінде келіп тоқтатқызып кеттік. Уақытша тоқтаттық. Прокуратурада бұл кісілердің арызы жатыр. Ол арыз қазір қазір қаралып жатыр

 -Басы дауға қалған кәсіпкер бұл жерде дәмхана емес, дүкен салынады деп ақталды. Ал тұрғындар болса, ешбір құрылысқа жол бермейміз деп оған үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Егер үш күнде мәселе оң шешімін таппаса,   әкелінген материалдарды қайта шығарып тастамақшы.