Семейде тұрғындардың қысқы азығы су астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұрғындардың қысқы азығы су астында қалды

Семейде тұрғындардың қысқы азығы су астында қалды

Семейде тозығы жеткен құбыр жарылып, 20 шақты үй сусыз қалды. Ал апат болған маңдағы аулаларға су толып, жұрт әуре-сарсаңға түсті.

  • 11 Ақпан 2015
  • 210
Фото - Caravan.kz

Түн ортасында лап берген су жұрттың қысқа қамдаған азығы мен ауладағы мүлікті басқан. Жиылған су тек түске жақын сорғызылып, тоқтады. Кейбір баспаналардың қабырғалары жарылып кетіпті. Енді тұрғындар келтірілген шығынды кімнен өтерін білмей дал. Ол аздай, көтерілген судың кесірінен кәріз құдықтарындағы нәжіс сыртқа шыққан. Жұрт бұдан жұқпалы дерт тарай ма деген қауіпте.

Станислав Чубаров, Семей қаласының тұрғыны:

-Ұлы сөзде ұят жоқ. Мен қазір дәретханама кіре алмаймын. Ондағы нәжістің барлығы есік алдына жайылды. Үйімнің ішін сыз тартты. Кішкентай баламмен бірге ауырып қалмасақ екен деп тілеп отырмын.