Семейде үш теміржолшы тепловоздан 300 литр жанармай ұрлады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде үш теміржолшы тепловоздан 300 литр жанармай ұрлады

Семейде үш теміржолшы тепловоздан 300 литр жанармай ұрлады

Семейде көлік полицейлері тепловоздан 300 литр дизельдік отын ұрлаған теміржол қызметкерлерін ұстады.

  • 16 Мамыр 2016
  • 411
Фото - Caravan.kz

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 мамырда жедел-іздеу шараларын өткізу барысында Семей стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Семей стансасының жүк паркінде тепловоздан жалпы көлемі 300 литрді құраған дизельдік отынды ұрлаған үш ер адамды ұстады.

Тексеру кезінде көлік полицейлері ұрлықты жасаған Локомотив депосындағы үш қызметкер екенін анықтады. Олардың жасы — 29, 41 және 42-де.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабымен (Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) сот алдындағы тергеу амалдары басталды.