Жарияланды: 320

Семейде вандалдар ядролық сынақ құрбандарының ескерткішін талқандап кетті

Семейде вандалдар ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткіш-кешенін талқандап кетті. Түйемойнақ аралындағы «Өлімнен де күшті» монументінің мәрмәр орындықтарының қазір көретін жері жоқ.

Тастардың шашылып жатқанына бірталай уақыт болған сияқты. Ал бұзақылардың әрекетінен жергілікті полиция хабарсыз. Монумент қаланың ең көрікті жерлерінің бірінде орналасқан. Сондықтан бұл саябақ - семейліктердің демалатын сүйікті орны. Маңайында дәмханалар да көп. Сол жерде көңіл көтерген жастар ермек таппай, мәрмәр орындықтарды талқандаса керек. Бір қызығы, мұнда күзет қойылуы керек болған екен. Бірақ қарауыл тек қағаз жүзінде жүргізілген сыңайлы. Әкімдік енді мәрмәрдан күйме үлгісінде қашалып жасалған 4 орындықтың құнын сол күзет агенттігінен өндіріп алмақ.

Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Орындықтар бұзақылықпен сындырылған. Оған келісім-шартқа қол қойған мекеме жауап беруі керек. Шығын көлемін өтеу үшін хат жолдадық. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін