Семейде жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Семейде жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Семейде жарты жыл жалақы көрмеген жұмысшылар наразылық білдірді. «Темір бетон өндірісі бірлестігінің» қызметкерлері маңдай термен тапқан ақыны жақын арада беруді талап етуде. 200-дей жұмысшысы бар кәсіпорында еңбекақы бойынша қарыз 25 млн теңгеден асқан. Мекеме әкімшілігі сабырға шақырса, еңбеккерлер басшы орнынан кетсін деп табандап тұр.

  • 10 Қаңтар 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Семейдегі «Темір бетон өндірістік бірлестігінде» жұмыс тоқтаған. Мұндағы 200-дей қызметкер жарты жылдай жалақы көрмепті. Шыдамы шектен асқан жұмысшылар тегін қызмет атқарудан бас тартып отыр.

Берікжан Құсайынов, жұмысшы:

-Тосып-тосып халықтың шыдамы таусылған шығар. Содан кейін келіп тұрмыз. Ақшамызды берсе, пәтерақыны жауып,  үйден айырыламыз. Жалғыз мен емес, мына тұрған халықтың бәрі. Талабымыз сол. Ақшамызды алуымыз керек.

Мәселесін айтып барғандарға басшылық тапсырыстың жоқтығы себеп деп жылы қайтарады екен. Алайда, жұмыстың басы-қасында жүргендер оған сенбей отыр. Ақша тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен деп күдіктенеді.

Жәнібек Ақанаев, жұмысшы:

-Басшылық ешқандай бізге жиналыс ашып, ең құрығанда, түк түсіндіре алмайды. Ешқандай ақша аудармай жатыр. Ақшамыз жоқ. Одан басқа айтпайды. Бірақ тапсырыс бар. Астанаға қазанда 30 вагон тиедім, қарашада 26 вагон тиедім. Қайда еңбегім? Сол үшін жауап берсін».

Қарызға белшеден баттық деген жұмысшылардың зауыт бастығына өкпесі қара қазандай. Еңбекақыны көтермек түгілі, төлемей жүрген оны орнынан кетсін дейді.


-Ол тек ақша үшін келеді. Кейін жоғалып кетеді.

Зауыт әкімшілігі жұмысшыларды сабырға шақырып әлек. Жақын арада жалақы бойынша қарыз жабылады деп ант су ішуде.

Руслан Исмаилов, Цех бастығы:

-Биыл ірі тапсырыс жасаған мекемелер бізге ақша төлеуге уәде берді. Сол кезде жалақы қарызы жабылады. Бұған дейін түскен қаржыны біз еңбекақы мен коммуналдық төлемдерді өтеу үшін бөліп жүріп төледік.

Зауыттағы дауға прокуратура өкілдері де араласты. Қазірде бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Демек, жақын арада кәсіпорын әкімшілігін тексеріс күтіп тұр.