Семейде жас жігіт шомылып жүріп жүк кемесінің астында қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жас жігіт шомылып жүріп жүк кемесінің астында қалып қойды

Семейде жас жігіт шомылып жүріп жүк кемесінің астында қалып қойды

Семейде жас жігіт Ертісте шомылып жүріп, жүк кемесінің астында қалып қойды. Қайта құтқарушылар дер кезінде жетіп, аман алып қалды.

  • 4 Шiлде 2015
  • 566
Фото - Caravan.kz

Ағайынды екі жігіт аптап ыстықта Ертіске шомылуға барыпты. Бірі сүңгудің қызығына батып кетсе керек. Жақын маңда өзен түбінен тас жинап жүрген баржаның астына ағыспен кетіп қалған. Әйтеуір астынан ауа өтетін жерді тауып, көмек шақырды. Мұны байқаған туысы бірден құтқарушыларға қоңырау шалған. Жарты сағат ішінде мамандар 20 жасар жігітті баржа түбіндегі саңылау арқылы жоғарыға шығарды. Біраз қорыққаны болмаса, дін аман.