Е. Көшкіннің айтуынша, оқиға Семейде орналасқан ОВ-156/15 еңбекпен түзеу мекемесінде болған. «Сотталған үш адам колонияның өндіріс аймағындағы №1 цехына жұмысқа шығу үшін киімдерін ауыстырған . Олардың екеуі шығып, үшіншісы іште қалып қойған. Ол біршама уақыт жұмыс орнында болмағандықтан, жұмысшылар оның қайда кеткенін білу үшін киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, оның асылғанын көрген «, -деді Е. Көшкін.
Бұл іске қатысты тергеуді облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің басқару комитеті жүргізді. «Бұл оқиғада адамды өлімге итермелеген қылмыстық құрам анықталмады. Өзін- өзі өлтірген адамның қалтасында оның өліміне байланысты ешкімді кінәләмауды сұраған хат шыққан. Алайда, колонияда осындай жағдайға орын берілуіне байланысты кейбір қызметкерлер жауапқа тартылатын болады «, — деп атап өтті Е.Көшкін.
Арнайы прокуратураның ақпараты бойынша, асылып өлген 26 жастағы адам колонияда 2007 жылдың наурыз айынан бері отырған. Ол Алматы облысының сотымен кісі өлімі мен қарақшылық жасағаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті