Семейде жекеменшік тұрғын үйден нашақорлар ордасы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жекеменшік тұрғын үйден нашақорлар ордасы анықталды

Семейде жекеменшік тұрғын үйден нашақорлар ордасы анықталды

Полицейлер Семей қаласындағы Рысқұлбеков көшесінің бойындағы жекеменшік тұрғын үйдің бірінеy нашақорлар ордасын тапты. Оның иесі бұрын есірткіге қатысты қылмыс бойынша істі болған 43 жастағы ер адам болып шықты. 

  • 15 Мамыр 2014
  • 530
Фото - Caravan.kz


Белгілі болғандай, ол өз үйін нашақорларға есірткі заттарын дайындап, қабылдау үшін пайдалануға рұқсат берген. Оқиға орнынан апиынды есірткі заттарының қалдығы қалған ыдыстар тәркіленді.

Күдікті қазір тергеу оқшаулағышына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 12 мамырдан «Допинг» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.