-Көтер!Шығарыңдар …
Комбинаттың элеваторында құрылысшылар жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бункерлердің бірінде темір кесіп жатқан сәтте кенеттен жарылыс болыпты. Сол жердегі 8 қызметкер қатты жараланып, кейбірінің денесінің 70 пайызына дейін күйген. Хәл үстіндегі 4 адам жан сақтау бөліміне жеткізілді. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, ғимараттың қабырғалары қираған. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен тәртіп сақшылары тексеру жүргізуде.
Марат Тұрыбаев, Семей қаласы прокурорының орынбасары:
-Еңбек қауіпсіздігінің сақталмағаны анық. Қазір тергеу жұмыстарыжүріп жатыр. Қылмыстық іс те қозғалатын болады. Жапа шеккендер өтемақысыз қалмайды. Оны бақылауға аламыз.