Семейде жол апатынан он адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жол апатынан он адам зардап шекті

Семейде жол апатынан он адам зардап шекті

СЕМЕЙ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Семейде жол апатынан он адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне жедел жәрдем ауруханасынан хабарлады.

  • 21 Тамыз 2006
  • 403
Фото - Caravan.kz



Дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, жол апаты сенбі күні болған. 15 сағат шамасында Қабанбай батыр көшесінде жеңіл автокөлік пен «Газель» шағын автобусы соғысып қалды. Автобуста 12 адам отырған. «Газель» шағын автобусы бірнеше мәрте аунап кеткен. Соның салдарынан жараланған 10 жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында алты жасар бала бар. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.