Семейде жұмыссыздарға бөлінген миллиондардың ұрланғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жұмыссыздарға бөлінген миллиондардың ұрланғаны анықталды

Семейде жұмыссыздарға бөлінген миллиондардың ұрланғаны анықталды

Семейдегі жұмыспен қамту орталығы мемлекетке қып-қызыл шығын әкелген. Олардың «Жол картасы- 2020» бағдарламасына бөлінген қаржыны жымқырғаны әшкереленді.

  • 23 Қаңтар 2016
  • 178
Фото - Caravan.kz

Орталық мамандарының арқасында, мұнда екі қолға бір күрек таппаған адам қалмаған сыңайлы. Тіпті, абақтыда жазасын өтеп жатқан азаматты да қара жұмысшы ретінде тіркеп, жалақы тағайындап қойған. Шын мәнінде ол бір ай ғана істеп, 10 жылға сотталып кетіпті. Бірақ жұмыспен қамтушылар оның 6 айдан бергі жалақысын өз қалталарына басқан. Бағдарлама аясында басқа қаланың тұрғындарын да электрик, темір ұстасы ретінде тіркеп, оларға тиесілі ақшаны да өздері алыпты. Қазір осы іспеттес 23 дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.