Естеріңізге сала кетсек, 8 шілдеге қараған түні қаскөйлер инженер-саперлік бөлімшеге басып кіріп, қару-жарақты иемденбек болған-ды. Кезекші сарбаз шыға келгенде, алдымен соның мылтығын тартып алуға тырысқан. Бірақ жауынгер рация арқылы қызметтестерін шақырып үлгерді. Әскерилер жеткенше қарақшылар қашып кеткен. Осыған байланысты Семейге кірер-шығар жолдардағы полиция бөлімшелері күшейтілген түрде жұмыс істеуде. Тек белгілісі,әскери нысанға шабуыл жасағандардың біреуінің қолын күзетші жарақаттапты.
Марат Енікеев, Семей қалалық ІІД ақпарат бөлімінің инспекторы:
— Әскери қызметкерінің автоматын аламын деген кезде, ол оның қолынан тістеп алған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 255 бабы бойынша іс қозғалды: қару-жарақтарды, оқ дәрілерді, жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе бопсалау фактісі бойынша.