Семейдегі туберкулез диспансерінде емделуші түрмеден босап шыққан адамдар науқастарға дөрекілік көрсетіп, диспансердің ішкі тәртібін өрескел бұзуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі туберкулез диспансерінде  емделуші түрмеден босап шыққан адамдар науқастарға дөрекілік көрсетіп, диспансердің ішкі тәртібін өрескел бұзуда

Семейдегі туберкулез диспансерінде емделуші түрмеден босап шыққан адамдар науқастарға дөрекілік көрсетіп, диспансердің ішкі тәртібін өрескел бұзуда

Семейдегі туберкулез диспансерінде емделуші түрмеден босап шыққан адамдар науқастарга дөрекілік көрсетіп, диспансердің ішкі тәртібін өрескел бұзуда. Емделушілердің 20 процентін түрмеден босап шыққан адамдар құрауы дәрігерлерді қатты аландатып отыр. Колониядан босап шыққандар дәрі-дәрмекті уақытымен қолданбайды, оған қоса өзге науқастарга дөрекілік көрсетіп, диспансердің ішкі тәртібін өрескел бұзуда. Олардың бірі таяу күндері ауруханада жатқан егде жастағы әйелге қол жұмсап, ұрып-соққан. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық диспансер директорының орынбасары Мақсат Әділғожин хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 394
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ауруханаға полиция қызметін тартуға қаржы тапшылығы мүмкіндік бермейді. Жалпы, Семейдегі туберкулез диспансерінде күрделі эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. 225 жатын орынға есептелген ауруханада бүгінгі күні 445 адам емделіп жатыр.

Орынның жетіспеушілігіне байланысты бір палатаның өзіне 13-15 адамнан келеді. М.Әділғожиннің айтуынша, облыстық бюджеттен 2003 жылға бөлінген 157 млн. теңге науқастарды дәрімен толық қамтамасыз етуге, қажетті деңгейде тамақтандыруға жетпейді. Әр сырқат тамағы үшін 1 күнге 200 теңге бөлінеді. Жергілікті фтизиатрлардың айтуынша бұл қаржы өкпе құртына шалдыққандарды тамақтандыруға аздық етеді.
Тағы бір мәселе, диспансердегі медициналық жабдықтар жаңартылмаған. Сол себепті 30 жылдан артық қолданыстағы флюрографиялық, микроскопиялық аппараттар тозып кеткен. Диспансер басшылығы емдеу мекемесінде қалыптаскан күрделі жағдайды жоғарыдағы билік орындарына жеткізуге тырысқанмен аталған мәселелелер басы ашық күйінде қалып келеді.

Соңғы жаңалықтар