Жарияланды: 330

Семейдің қақ ортасында орналасқан жер үйлерді су басып жатыр

Семейдің қақ ортасында орналасқан жер үйлерді су басып жатыр. Оның деңгейі 1 метрге жуықтайды. Сөйтіп, жертөлелер мен ұраларға су толып қалған. Ол әжетханаларға да кіргендіктен, төңіректі жағымсыз иіс жайлапты. Ең жаманы – жұрт бұдан үйлер құлай ма деп үрейленіп отыр. Тұрғындардың ойынша, бұл жағдайға 40 жыл жөндеу көрмеген кәріз құбырлары себеп. 

Бұл тұрғындар біраздан бері қолқаны қапқан жағымсыщз иеіске тұншығып отыр. Өйткені осы үш көшедегі үйлердің ұраларына әжетхана қалдықтарымен араласқан жер асты су толып кеткен. Сөйтіп, қысқы азықтарын сақтайтын да орын қалмапты.

Тұрғындар осы жағдайды айтып, талай есікті қаққан. Бірақ сол әдеттегідей шенеуніктердің бұлармен ісі жоқ. 

Рафик Гарипов, Семей қаласының тұрғыны:

- Әкімге хат жазғанбыз. Әкім тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жіберді. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен Нұрлан Серғазинов деген бастық келген жоқ. Кеше де, алдың күні де екі күн кісілер жиналып күттік ыстықта. 5-ке дейін, 6- ға дейін.

Енді жұрт жертөле мен ұраларда көлкіген сасық суды өз күштерімен  шығаруға мәжбүр. Ең жаманы – нәм басқан үйлерінің қабырғалары шытынай бастаған. Сондықтан тұрғындар бір күні үйінді астында қаламыз ба деп те үрейленіп отыр.

Роза Балтабекова Семей қаласының тұрғыны:

- Үйіміз ескі. Сондықтан ол суды көтермейді. Қазір проста құлайды. Қаншама халық далада қалуы мүмкін.

Жұрттың айтуынша, жерасты сулары бұрын бұлай көтерілмеген екен. Ал мына жағдайға 40 жыл жөндеу көрмеген кәріз құбырлары себеп дейді олар. Яғни құбыр қалдықпен бітеліп, су содан көтерілген. Бірақ құзырлы мекеменің өкілдері кәріз жүйесі тап-таза деп отыр.

Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Ол табиғаттың тосын мінезінен болған. Бұл жерде тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің еш кінәсі жоқ.

Мамандар тіпті жеарсты суының кәріз қалдықтарымен раласпағанын айтады. Олардың ойынша, жағымсыз иіске ыстық күн себеп. Ал жер астынан шығып жатқан суға біз бөгет бола алмаймыз дейді атқамінерлер. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін