Семейліктер темекіден арылудың амалын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейліктер темекіден арылудың амалын тапты

Семейліктер темекіден арылудың амалын тапты

Семейде темекімен күресудің жаңа медициналық әдістері қолданылып жатыр. Таңқалдырарлық әсері бар емдік курстардың алғашқы нәтижелері де жаман емес сияқты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Семей наркологиялық диспансеріндегі антитабак кабинетін француз дәрігерлері ұйымдастырып отыр екен.

  • 28 Қараша 2013
  • 334
Фото - Caravan.kz

Емделушіге никотинге ұқсас арнайы дәрі салынады. Құрамында никотині бар дәрі темекіге деген тәуелділікті біртіндеп жеңе отырып, зиянды әдетпен мәңгі қоштасуға көмектесетін көрінеді. Осы мекемеде еңбек ететін қызметкерлер темекіні біртіндеп тастай бастағанын айтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдегендей, тәуелділіктен емдеудің бұл тәсілі тегін медициналық көмектер тізіміне кірмейді. Емделем деушілерге қызмет ақылы. Арнайы белгіленген баға бойынша бір емдік курстың құны 5810 теңге тұрады екен. Алдағы 2014 жылы антитабак кабинеттері Өскемен қаласында да ашылмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, әлемдегі ер адамдардың 60 пайызы, әйелдердің 20 пайызы шылым шегеді екен. Жас өспірімдердің 27 пайызы темекіні жолдастарының әсерімен, 40 пайызы қызықтап, 17 пайызы үлкендердің қолдауымен тартады. Осы жағымсыз қылыққа әуес жас жеткіншектердің 85 пайызының ата-анасы көк түтінді будықтататындар екені дәлелденген. Қазақстанда шылым шегу салдарынан бір күнде 70 адам қайтыс болады. Олардың жас мөлшері 35 — 69 аралығында.