Семіре бастаған полицейлер орнын босатуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семіре бастаған полицейлер орнын босатуы мүмкін

Семіре бастаған полицейлер орнын босатуы мүмкін

ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов семіре бастаған полицейлерден жұмысынан кетуді сұрайды.

  • 28 Қазан 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы kaztag.kz хабарлайды.

«Біз полиция формасын тым ресми болған үшін ауыстырамыз. Соңғы рет 2001 жылы ауыстырдық. Бізде ортақ талаптар бар. Полицейлер физикалық дайындықтан өтеді. Семіре бастаған полицейлер жұмысынан кетеді», – деді Қасымов сенаттың кулуарлы отырысында.

Министрдің сөзінше, полицейлер біраз уақыттан бері форманы ауыстыруды сұрап келген.

«Біз қазір киімді ғана емес, жұмыс барысын, құрылымын өзгертіп, фронт-кеңселер салып жатырмыз. Бірақ сіздер тек киімге тіреліп қалған секілдісіздер. Форманы әлі ешкімге көрсеткен жоқпыз. Ол әлі тігіліп жатыр», – деді министр.

22 қазан күні ІІМ мемлекеттік істер және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев полицейлердің киімі өзгеретінін хабарлаған еді. Кейіннен Қасымов не себепті форманы ауыстыратынын айтып өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар