Жарияланды: 280

«Сен Бораттың отанынасың, сайқымазақсыңдар» Әлемге әйгілі ирандық қара күш иесі алматылық қазақты жекпе-жекке шақырды

«Сен Бораттың отанынасың, сайқымазақсыңдар»  Әлемге әйгілі ирандық қара күш иесі алматылық қазақты жекпе-жекке шақырды

Ирандық «Халк» аталып кеткен бодибилдинг шебері әлемге әйгілі Саджад Гариби өзін Титан және ел Горилла деп атап кеткен алматылық Алмат атты бапкермен жекпе-жекке шығады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Жекпе-жектің нақты өтетін күні мен орны әлі белгісіз, бірақ қазақстандық спортшы өзінің Instagram парақшасында жекпе-жек 2021 жылы Германияда өтеді деп жазды. Титан сондай-ақ Гарибидің суретін ұрып-соққан бірнеше видео жариялады. «Халк сен емес, мен» деп сес көрсетті. Ал ирандық қара күш иесі бұған жауап ретінде қарсыласын «мыжып тастаймын» деп уәде берді. Сондай-ақ оның «Сен Бораттың отанынасың, сендер сайқымазақсыңдар, екі бүктеп, бір жұтамын» деп айтты деген сөз тараған.Дегенмен оның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.

Еске салсақ, Саджад Гариби әлемге әйгілі бодибилдинг шебері. Бүгінде ол Иранның мақтанышы. Қазақстандықпен болған текетірес көптеген БАҚ теттерінде қызу талқыланып жатқан сыңайлы.

Гарибидің салмағы - 175 келі, ал бойы - 180 см, ол бірнеше рет аралас жекпе-жекте өнер көрсетуге ниет білдірді.

Гориллаға келетін болсақ, ол Алматыдағы спортзалдардың бірінде жаттықтырушы болып жұмыс істейтіні белгілі. Оның салмағы - 115 кг, бойы - 174 см.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін