Сенат алкоголь өнімдерін түске дейін сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат алкоголь өнімдерін түске дейін сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Сенат алкоголь өнімдерін түске дейін сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Сенаттың бейсенбідегі жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан республикасының бірқатар заң актілеріне этиль спирті және алкоголь өнімдері өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 30 Мамыр 2014
  • 701
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлағандай, заң жобасы алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған орындар тізімін кеңейтуді көздейді. Спиртті ішімдіктерді балаларды тәрбиелеу мекемелері ғимараттарында және соларға жақын орналасқан аумақтарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, спорт-дене шынықтыру, спорт-техникалық нысандарда, стадиондар мен жанармай бекеттерінде сатуға тыйым салынады.

Алайда, «100 метрге» қатысты талаптар алынып тасталды.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін көтере және бөлшектеп сататын субъектілерден алынатын жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшері белгіленді.

Ал, алкоголь өнімдерін өндірушілерден алынатын лицензилық алым 500 айлық есептік көрсеткіштен 3 мың АЕК-ке дейін артты.


Сондай-ақ, заң жобасында алкоголь өнімдерін мейрамхана, бар және дәмханалардан басқа жерлерде түнгі сағат 23:00-ден таңғы 08:00-ге дейін, құрамындағы этиль спирті 30 пайыздан асатын өнімдерді кешкі сағат 21:00-ден түскі 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынған.