Жарияланды: 460

Сенат Алматыда кардиохирургиялық орталық салуға Сауд Арабиясы үкіметінің грантын тарту туралы меморандумды бекітті

Бүгін, 20-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Сауд Арабиясы Корольдығы мен Қазақстан үкіметі арасындағы өзара түсіністік меморандумын бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Меморандумда Алматыдағы Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығының жанында кардиохирургиялық орталық салуға Сауд Арабиясы үкіметінің 5 млн. доллар көлеміндегі грантын тарту қарастырылған. Грант қаржысы жалпы аумағы 4,5 мың шаршы метрді, алдын-ала құны 3,2 млн. долларды құрайтын аурухана ғимаратын салуға және медициналық құрал-жабдықтар мен саймандар сатып алуға жұмсалады. Меморандумға сәйкес, жоба қайтарымсыз қаржылық көмек есебінен жүзеге асырылатындықтан инвесторлар іс-қызметінің барлық түрі мен аталмыш жобаға арналып еліміз аумағына әкелінетін барлық тауарлар әртүрлі кедендік төлемдер мен салықтан босатылады. Ратификациялаған заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін