Сенат әскери ахуал туралы заңға енгізілетін түзетулерді мәжіліске кері қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат әскери ахуал туралы заңға енгізілетін түзетулерді мәжіліске кері қайтарды

Сенат әскери ахуал туралы заңға енгізілетін түзетулерді мәжіліске кері қайтарды

Бүгін, 23-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Әскери ахуал туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске кері қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Маусым 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz

Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «заң жобасын пысықтау барысында оны заңнамамен сәйкестендіру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «заң жобасына сәйкес әскери ахуал енгізілмес бұрын және оның әсері аясында Қазақстан президентінің нормативтік-құқықтық актілер қабылдау құзыреті күшейтіледі».
Сонымен бірге заң жобасы арқылы «әскери басқару органдары» атты ұғым «ҚР Қарулы күштері және қорғаныс туралы» заңға сәйкестендіріледі.