Сенат депутаттығына 10 күнде 27 үміткер ұсынылды
Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 10 күн ішінде Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаттығына 27 үміткер ұсынылды. Бұл туралы ҚР ОСК бүгінгі кезекті отырыстың алдында таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Орталық сайлау комиссияының мәліметінше, 12 тамыздағы жағдаймен Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаттығына 27 үміткердің аты ұсынылды. Соның ішінде Ақтөбе облысынан 4 адам, Атырау облысынан - 4, Қарағанды облысынан - 6, Солтүстік Қазақстан облысынан - 1 , Шығыс Қазақстан облысынан - 2, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 5, Алматы қаласынан - 5 адамның аты ұсынылды", -деп хабарлайды ОСК.
Үміткерлердің бесеуін- мәслихаттар ұсынса, 22 адам өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Үміткерлердің арасында бір әйел бар, 27 үміткердің үшеуі - қазіргі сенат депутаттары.
Үміткерлердің арасынан 8 адам - "Нұр Отан" партиясының мүшелері, 11 -і партияда жоқ, 8 адам өздерінің партияға қарастылығын көрсетпеген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үміткерлердің атын ұсыну 3 қыркүйеккке дейін созылады. Парламент сенатының депутаттары 4 қазанда сайланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін