Сенат есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ҚР кодексіне есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Ақпан 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Халықаралық тәжірибені ескеру негізінде және ішкі ахуалдың біршама күрделілене түсуіне байланысты заң жобасымен есірткілік қылмыстарды жасағаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жаза жүктеу ұсынылып отыр. Мұндай жаза төменде аталған жағдайларда қолданылады: оқу орындарында және кәмелеттік жасқа жетпегендерге есірткі сатқаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топтардың аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін, аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін, есірткі тұтынуға тарту салдарынан адамды өлімге душар ету қылмыстары үшін.

Сонымен бірге, Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулермен «көңіл көтеру ұйымдары» деген ұғым енгізіліп, «осындай ұйымдарда есірткі тұтынудың алдын алуға шара қолданылмаған жағдайда олардың іс-қызметіне тыйым салу немесе уақытша тоқтату» туралы санкция енгізіледі.

Заң жобасы сенаттың салалық комитетіне екінші оқылымға дайындау үшін жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті