Жарияланды: 450

Сенат ЕурАзЭҚ Сотына жүгіну және сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Аталған шартқа 2010 жылғы 9 желтоқсанда ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің шешіміне сәйкес қол қойылған болатын. Шарт Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарды біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, құжат шаруашылық жүргізуші субъектілердің Кеден одағы шеңберінде ЕурАзЭҚ Сотына өтініш беру тәртібін, ЕурАзЭҚ Сотының оларды қарау тәртібі мен мерзімін айқындайды. Халықаралық шарттар дұрыс қолданылмаған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕурАзЭҚ Соты алқасының шешімдеріне Соттың Апелляциялық палатасына шағымдану тетігі көзделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін