Сенат Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 24-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 24 Наурыз 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжаттың мақсаты — құқықтық тәжірибені ескеру негізінде кедендік әкімшілікті одан әрі жетілдіру болып табылады. Енгізілген өзгерістердің көмегімен Кеден кодексінің нормалары басқа салалардағы заңнамалық актілерге сәйкестендіріледі. Түзетулер сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталады.

Мәселен, «Тауардың шығу тегі туралы сертификат» жөніндегі бапқа түзету енгізілді. Түзету бойынша тауардың сәйкестік сертификатын (тауар еркін қойма аумағынан республикакедендік аумағының басқа бөлігіне шығарылған жағдайда) тиісті мемлекеттік уәкілетті мекеме беруге тиіс. Сонымен бірге депутаттар кедендік мекемеге тауар және көлік құралдарын Қазақстанның кедендік аумағынан тысқары шығару дерегі туралы хабарландыру мерзімін 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін салалық комитетке жолданды.

Перейти к новостям спорта