Жарияланды: 700

Сенат Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену тәртіптері туралы хаттаманы бекітетін заңды қабылдады

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену, оларға қосылу және олардан шығу тәртіптері туралы хаттаманы бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Хаттамаға бірігу Кедендік одақты қалыптастыруды аяқтауға, оларға бірігуге және олардан шығуға бағытталған халықаралық келісім-шарттарының күшіне енуінің біртұтас тәртіптерін белгілеуге септігін тигізеді", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында. Хаттама Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық келісім-шарттарының күшіне ену тәртіптерін белгілейді, ол үшін одақтың жоғарғы органы - Мемлекетаралық кеңестің шешімі шығарылады. Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісім-шарттары екі бөлімнен тұрады: "ЕурАзЭҚ аясында жұмыс істейтін халықаралық келісім-шарттары және Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдер". "Хаттамаға ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа да мемлекеттер біріге алатын ашық хаттама, бірігу үшін бір шарт қойылады : бірігетін мемлекет тізімнің екінші бөліміне енгізілген халықаралық келісім-шарттарының барлығы ол үшін міндетті дегенге келісімін береді", -делінген қорытындыда. Хаттамаға Душанбеде 2007 жылдың 6 қазанында қол қойылған. Заң президенттің қол қоюына жіберілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін