Жарияланды: 400

Сенат комитеті еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл туралы келісімді талқылады

Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған келісімге Кеден одағы Үкіметтерінің басшылары Санкт-Петерборда 2010 жылы қарашада қол қойған болатын. Құжатта үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен түрлері белгіленген. Атап айтқанда, келісімде еңбек ету үшін заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау және есебін алу, заңсыз еңбек көші-қоны арналары мен оған жәрдемдесетін және онымен айналысатын құрылымдар мен ұйымдардың жолын кесу, көшіп-қонушылар көлеміне мониторинг жүргізу, еңбек ету үшін заңсыз көшіп-қонушыларды елден шығару тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағы елдеріне заңсыз кірушілерді шектеу шараларын жүргізу көзделген. Кеңейтілген отырыста сонымен бірге «Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін