Сенат комитетінде бірқатар заң жобалары қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитетінде бірқатар заң жобалары қаралды

Сенат комитетінде бірқатар заң жобалары қаралды

Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында

  • 3 Шiлде 2015
  • 628
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Келісім екі мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтау  және олардың қауіпсіз әрі тәртіпке сай қайтару, сондай-ақ сол адамдардың транзитіне ықпал етуге арналған рәсімдерді белгілейді.

Комитетте Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Құжаттар келісім жасаған тараптың мемлекет аумағына рұқсатсыз келген адамдардың реадмиссиясы жөніндегі құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуді көздейді.

Отырыста Азаматтық процестік кодексінің жобасы екінші оқылымда қаралды.

Құжат Құқықтық саясат тұжырымдамасын және Судьялардың VІ съезінде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін, сот ісін жүргізуді және азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Кодекс жобасын талқылау барысында комитеттердің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, Мәжіліс мақұлдаған Кодекс жобасына төмендегі негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

«Мемлекет құрылысындағы 100 нақты қадам» мемлекеттің бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарын орындау жолында Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын инвестициялық дауларды қарау жөніндегі арнайы мамандандырылған сот алқасын, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес құруды, азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотта рәсімдерді оңайлату және сот үдерістерін жеделдету үшін сотқа прокурорлардың қатысуын қысқартуды көздейтін түзету енгізіледі.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады.

Заң жобасы кейбір заңнамалық актілерді Азаматтық процестік кодексінің жобасына сәйкес келтіру қажеттігіне байланысты әзірленді.


Заң жобасын талқылау барысында комитеттердің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, Мәжіліс мақұлдаған Кодекс жобасына төмендегі негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Азаматтық кодекстің 22-бабының 1-тармағы Кодекс жобасының 35 тарауына сәйкестендіріледі, ол бойынша он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмағандардың өз кірістерін дербес пайдалану құқықтарын шектеу немесе айыру туралы өтініштер жөніндегі азаматтық істер қамқорлық жасау және күту органдарында емес, соттарда қаралып, шешіледі.

Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодекске қайтарылған мемлекеттік баждың сараланған көлемі белгіленді, сондай-ақ сот бұйрығы күшін тоқтатқан жағдайда өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж қайтарылмайтыны туралы ереже белгіленді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің ережелері еріксіз түрде емдеуге жіберу туралы материалдарды сотта қаралу мерзімін нақтылау, сондай-ақ субъектінің жатып емделу мерзімін ұзарту туралы өтініш беру жөніндегі бөлігі кодекс жобасымен сәйкестендіріледі.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға электронды сот өндірісін жүргізу барысында сотқа қажетті құжаттарды беру рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіледі.

Сонымен қатар, кодекс жобасымен Жер кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекстерге, сондай-ақ заң техникасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізіледі.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.