Жарияланды: 420

Сенат ҚР-ның Еуропалық бөлігінде әскери техника орналастыру мүмкіндігі жөніндегі келісімді бекітті

Бүгін, 26-маусымда парламент сенатының жалпы отырысы "Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы Келісім шартын бейімдеу туралы Келісімді бекіту" жөніндегі заң жобасын бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Келісім мақсаты - әскери қару-жарақ пен техниканың шектеулі мөлшерін сақтау арқылы Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған сәйкес Еуропа құрлығында 40 мың танк, 60 мың жауынгерлік сауытты машина, 40 мың артиллериялық бірлік, 13600 әскери ұшақ және 4 мың шабуылдық тікұшақ ұстау көзделген. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы Келісім шартына қол қойған КСРО мұрагерлері Қазақстанды Еуропада қару-жарақ пен техника ұстау мүмкіндігінен айырған болатын. Ал жаңадан қол қойылған "Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы Келісім шартын бейімдеу туралы Келісімге сәйкес , Ресей Федерациясының квотасын пропорционалды азайту есебінен Қазақстан елдің Еуропалық бөлігінде 50 танк, 200 жауынгерлік сауытты машина, 100 артиллериялық жүйе, 15 әскери ұшақ және 20 шабуылдық тікұшақ орналастыру құқығына ие болады. Аталмыш келісімді барлық мүше-мемлекеттер бекіткенге дейін Қазақстан аумағында қару-жарақ және техника бойынша нольдік көрсеткіш сақталады. Келісім жобасы қол қою үшін президентке жолданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть