Сенат сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске кері қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске кері қайтарды

Сенат сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске кері қайтарды

Бүгін, 24-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске кері қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде Сауда-өнеркәсіптік палаталардың құқықтық ахуалының ерекшеліктерін айқындау мақсатын көздейді. Заң жобасына сәйкес, Сауда-өнеркәсіптік палаталардың басты мақсаты Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға түрткі болу, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңаша түрлерін игеруге нақты көмектер көрсетуге саяды.

Сенат депутатары заң жобасына жоба нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізді. Сонымен бірге сенат депутаттары заң жобасының кейбір нормаларын нақтылап, кейбір қайталанбалы тәртіптерді алып тастады. Сонымен бірге сенаттың түзетулері заң жобасының кейбір қағидаларын заңгерлік техника талаптарына сәйкестендіруге бағытталған.

Перейти к новостям спорта