Сенат Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Шанхай  ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекітті

Сенат Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекітті

АСТАНА. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы" заңның жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2007
  • 340
Фото - Caravan.kz

Келісімде төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу саласындағы ынтымақтастық, төтенше жағдай кезінде өзара көмек көрсету және зардап шеккен тұрғындарға тиімді әрі үйлестірілген көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бірлесе талпыну қарастырылған. Бұл тараптардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына түрткі болмақ.

Құжатқа сәйкес тараптар төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға тез арада көмек көрсету үшін халықаралық құқықтың жаппай мойындалған нормалары мен принциптеріне және тараптардың заңнамаларының талаптарына бағына отырып өзара ынтымақтасуға міндеттеме жүктеп алады.

Келісімге 2005-жылдың 26-қазанында Мәскеуде қол қойылған.

Заң президенттің қол қөоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті