Сенат төрағасы мен Канада елшісі Қазақстан парламенттік делегациясының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Торонтода өтетін күзгі сессиясына қатысу бағдарламасын талқылады
Астана. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Канаданың Қазақстандағы елшісі Маргарет Скокты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кездесу барысында Қазақстан-Канада екіжақты ынтымақтастық туралы, оның ішінде өзара парламентаралық іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі пікір алмасылды.
Дидарласушылар сондай-ақ Қазақстан парламенттік делегациясының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Торонтода өтетін күзгі сессиясына қатысу бағдарламасын талқылады. Отырыс аясында Қ.Тоқаевтың Канада парламенті сенатының төрағасы Н.Кинселламен кездесуі қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін